ТЖМ құтқарушылары жоғалған екі адамды тапты

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін күндіз Қарағанды облысы Балқаш қаласынан 140 шақырым жерде Саяқ кенті бағытында құтқарушылар екі ер адамды іздестіру жұмыстарын жүргізді.

ТЖМ құтқарушылары жоғалған екі адамды тапты
Фото: ТЖМ

Олар кеше түнде Балқаш қаласы бағытында сорғы станциясынан автокөлікпен шыққаннан кейін байланысқа шықпай қалған. 

ТЖМ іздестіру тобы Ащыөзек станциясына дейін 20 шақырым жерде адасып кеткен адамдарды тауып алды. Белгілі болғандай олар қар құрсауында қалып қойып, қозғалысты жалғастыра алмаған. 

Автокөлік жолдың тазартылған учаскесіне шығарылып, Балқаш қаласына дейін жеткізілді.

Еске салсақ, Қарағанды облысының құтқарушылары қар құрсауынан 15 адамды құтқарғаны туралы жазған едік.  Сондай-ақ құтқарушылар жеке көлікті қар құрсауынан шығаруға міндетті еместігі туралы жазған болатынбыз

 

Соңғы жаңалықтар