12:14, 17 Наурыз 2014 | GMT +5
ТЖМ қызметкерлері екі жылда 55 сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы екі жылда ТЖМ қызметкерлері жасаған 55 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді. Бұл туралы бүгін Астанада Заңдылықты,құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің отырысында ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев мәлім етті.
![None None](/static/img/plug.webp)
«Соңғы екі жылда ТЖМ қызметкерлері жасаған 55 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді. Дәл осы тектес заң бұзушылықтар биылғы cәуірден бастап шағын және орта бизнеске тексеру жүргізуге Мемлекет басшысымен мораторий енгізу үшін алғышарт болды»,-деді Бас прокурор.
Белгілі болғандай, Ақмола, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында прокурорлар негізсіз тексерулер жүргізудің көптеген фактілерін анықтады.
«Батыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында бұдан бұрын ТЖД тарапынан тексерулер жүргізілсе де, қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан өрттің орын алуы фактілері анықталды. Яғни ТЖМ қызметкерлері бұл жағдайларды тиісті деңгейде қадағаламаған»,- деді А.Дауылбаев.