ТЖМ лизингке 4 ұшақ пен 7 тікұшақ сатып алмақшы

АСТАНА. KAZINFORM – Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында бюджет есебінен қандай әуе техникаларын сатып алуды жоспарлап отырғанын айтты.

тікұшақ
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

«Төтенше жағдайлар министрлігіне әлі бірталай тікұшақ пен шағын фюзеляжді ұшақтар керек. Біздің ойымыз – келешекте 20 өңірде 20 әуе отрядын жасақтау. Соның арқасында ол өңірлерде қауіпсіздік қамтамасыз етіліп, жас мамандар даярланады. Қазіргі таңда біз лизинг арқылы 3 МИ-8 АМТ тікұшағы, 4 Ка-32 тікұшағын аламыз. Сондай-ақ, тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет ұшақ алып жатырмыз. Чехияның 4 дана L – 410 ұшағын сатып аламыз. Оларды Батыс, Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан өңірлеріне қоямыз. Соның арқасында өз міндеттерімізді орындаймыз деп ойлаймын», - деді Шыңғыс Әрінов.

Еске салсақ, министр бүгінгі Үкімет отырысында көктемдегі тасқын кезінде әуе техникасының жеткіліксіздігін сезінгенін айтқан еді.

 

Соңғы жаңалықтар