ТЖМ: Маңғыстау облысында құйынды дауыл мектептер, дәмханалар мен тұрғын үйлердің шатырларын ұшырды

АСТАНА. 21 маусым. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Қарақиян ауданының Жетібай кентінде дүлей дауылдың салдарынан көптеген ғимараттардың шатырлары көкке ұшып, газ құбыры бүлінді.

ТЖМ: Маңғыстау облысында құйынды дауыл мектептер, дәмханалар мен тұрғын үйлердің шатырларын ұшырды

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтқанда, №3 орта мектеп (шатырдың 340 шаршы метр аумағы), №8 орта мектеп (20 шаршы метр), дәмхана мен 8 жекеменшік тұрғын үй (көлемі нақтылануда) зақымдалды. Диаметрі 59 мм құрайтын газ құбыры бүлініп, тұтынушылар газдан ажыратылды. Газбен қамту бойынша қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Газды беру бүгін таңертеңгі сағат 9-ға жоспарланды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында комиссия жұмыс істеуде.