ТЖМ меншігінде неше тікұшақ бар

ТЖМ
Фото: ТЖМ

АСТАНА. KAZINFORM – Төтенше жағдайлар министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауабында өрт сөндіру қызметінің меншігінде неше техника бар екенін мәлім етті.

«Еліміздің өрт сөндіру қызметі 3 мыңнан астам әртүрлі авариялық-құтқару техникасымен, сондай-ақ өрт сөндіруге қажетті барлық құралдармен жабдықталған», - деп жазылған министрлік мәліметінде.

Ведомствоның ақпараты бойынша, министрліктің өртке қарсы қызметі қажетті жабдықтармен 87% жарақталған.

«Тікұшақтар ТЖМ-ның ведомстволық бағынысты ұйымының балансында, олардың саны – 30-дан астам бірлік. Арнайы киім-кешектер мен техникалар сатып алуға қаражат ТЖМ жылдық бюджеттік өтініміне сәйкес республикалық бюджеттік комиссияның шешімімен бөлінеді», - делінген жауапта.

Соңғы жаңалықтар
telegram