Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ТЖМ өкілдері еліміздің су айдындарынан 600-ден астам құқықбұзушылық анықтады

АСТАНА. KAZINFORM - Су айдындарындағы жазатайым оқиғалар мен адам өлімінің алдын алуға, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін арттыруға бағытталған «Қауіпсіздік азимуты» республикалық профилактикалық акциясы жүріп жатыр.

еліміздің су айдындарынан 600-ден астам құқықбұзушылық анықтады
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 шілде мен 10 тамыз аралығында 610 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, олар бойынша жалпы сомасы 9 446 231 теңге көлемінде айыппұл салынды.

еліміздің су айдындарынан 600-ден астам құқықбұзушылық анықтады
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

-ТЖМ азаматтарды тек рұқсат етілген орындарда демалуға, балаларды қараусыз қалдырмауға, құтқару кеудешелерін пайдалануға, шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын сақтауға және ауа райы қолайсыз болған жағдайда суға шықпауға шақырады,-делінген хабарламада.

Осыған дейін шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен астаналық жазаланғаны туралы жаздық.

еліміздің су айдындарынан 600-ден астам құқықбұзушылық анықтады
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
еліміздің су айдындарынан 600-ден астам құқықбұзушылық анықтады
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі