ТЖМ: Өрт сөндіру бөлімшелерінің техникамен жабдықталу деңгейі 80 пайызға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл өрт сөндіру бөлімшелері бюджет арқылы 200-ге жуық техника сатып алады. Бұл туралы Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов орталық коммкуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

ТЖМ: Өрт сөндіру бөлімшелерінің техникамен жабдықталу деңгейі 80 пайызға жетті

«Өрт қаупі бар маусым алдында саладағы техника мен құрал-жабдық тапшылығы қандай?», - деп сұрады БАҚ өкілі.

Нұрболат Дербісовтің мәліметі бойынша, өрт сөндіруші жасақтардың иелігінде түрлі функционалдық мақсаттағы 3000-нан астам өрт сөндіру техникасы бар.

«Қазіргі таңда өнт сөндіру құрамының жабдықталу деңгейі – 80 пайыз. ТЖМ өңірлік бөлімшелерінің техникалық паркін жаңарту жұмыстары кезең-кезеңмен, республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген ақшаның мөлшеріне қарай жүріп жатыр. Кейінгі 3 жылда бізді бұл тұрғыда жергілікті әкімдіктер де, республикалық бюджет те жақсы қолдап отыр.

Кейінгі 3 жылда 600-ден астам өрт сөндіру техникасын алдық. Биыл 86 техниканы республикалық бюджет арқылы, 100 техниканы жергілікті бюджеттер қолдауымен аламыз. Техникамен жабдықтау мәселесі кезең-кезеңмен шешіліп жатыр деп айтуға болады. 2018-2019 жылдармен салыстырсақ, кейінгі үш жылда жақсы алға жылжу бар», - деді ТЖМ өкілі.