ТЖМ республика бойынша өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталуын қадағалау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізуде

АСТАНА. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазіргі уақытта ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) республика бойынша көңіл көтеру орындарында және адамдар көп жиналатын басқа да нысандарда  өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталуын қадағалау мақсатында жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізуде.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР ТЖМ-де өткен баспасөз мәслихатында аталған министрліктің баспасөз қызметі басшысының міндетін атқарушы Елдар Райымбеков мәлім етті.

Оның айтуынша, желтоқсанның 23-індегі жағдай бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызметтің мамандары 1909 көңіл көтеру орнында, оның ішінде 400 мейрамхана, 1038 кафе мен бар, 174 түнгі клуб және осы санаттағы 297 мекемеде өрт қауіпсіздігінің сақталуына тексеру жұмыстарын жүргізген. Тексеру қорытындысында  915 әкімшілік іс қаралып, өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін 908 адам жалпы сомасы 7 млн. 921 мың теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

 «Біз желтоқсанның 25-інен Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, пиротехникалық заттардың сақталатын және сатылатын орындарына арнайы тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Бұл шара қаңтар айының 13-іне дейін жалғасады», деді Е.Райымбеков.

Соңғы жаңалықтар