ТЖМ стратегиялық нысандар мен қауіпті аймақтардағы төтенше жағдайды құлақтандырудың заманауи технологиясын енгізуде
АСТАНА. 11 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздің стратегиялық нысандары мен қауіпті аймақтарындағы төтенше жағдайларды құлақтандырудың заманауи технологиясын енгізуде.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында аталған ведомствоның басшысы Владимр Божко мәлім етті.
«Мәселен, Көксарай су реттегішінде бөгеттің барынша жауапты учаскелерінде мониторинг құралдары енгізілген. Медеу мен Шымбұлақтың №9 көшкін жинағышында қар көшкінінің жай-күйін бақылаудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Ол көшкін жүргенге дейінгі тәулікте нақтылаған сипаттағы ақпарат береді», - деді ол.
Министрдің сөзіне қарағанда, АҚШ, Қытай, Корея, Ресей және Беларусь елдерінің тәжірибесін ескере отырып, министрлік отандық кәсіпорындармен қазақстандық кәсіпорындар базасында құлақтандыру жүйесі аппаратураларының өндірісін жолға қою мәселесін шешуде.