ТЖМ су тасқыны кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды
АСТАНА. KAZINFORM – Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды су тасқыны кезінде мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.
«Құлақтандыру дабылын алған кезде көршілеріңізге ескертіңіздер, мүгедек адамдар мен балаларға көмек көрсетіңіздер. Нұсқаулықты қатаң орындаңыздар. Киім-кешек, азық-түлік қорын, дәрі-дәрмекті алдын ала дайындаңыздар. Құжаттарды су өткізбейтін пакетке салыңыздар. Электр энергия көздерін тоқтан ажыратыңыздар. Газды өшіріңіздер. Пеште жанып жатқан отты сөндіріңіздер. Есік пен терезелерді жабыңыздар», - деді ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.