ТЖМ төтенше жағдайларды ескерту және алдын алу мәселелерін талқылады

АСТАНА. 18 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың төрағалығымен төтенше жағдайларды ескерту және алдын алу жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.

ТЖМ төтенше жағдайларды ескерту және алдын алу мәселелерін талқылады

Отырысқа мүдделі мемлекеттік орталық органдардың, ұлттық компаниялардың өкілдері, облыс әкімдері, Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары, министрліктің барлық өңірлік бөлімшелерінің басшылары қатысты.

ҚР Төтенше жағдайлар вице-миинстрі Ж.Смайыловтың айтуынша, 2011 жылдың есепті кезеңінде және 2012 жылдың бірінші тоқсанында облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының төтенше жағдайлар департаменттерінде 1976, облыстық комиссияларда -  193, қалалық комиссияларда 418, ал аудандық комиссияларда 1368 жиын өтіп, онда  төтенше жағдайларды ескерту және алдын алу мәселелері жан-жақты талқыланған.

Алқалы жиын қорытындысына сәйкес төтенше жағдайлар мен оқиғаларды барынша азайту, адамдар шығыны мен материалдық шығындарды төмендету мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдарға нақты тапсырмалар берілді.