ТЖМ Жаңаөзендегі жарылыс туралы: Біз 28 метрден биік үйлерді ғана тексере аламыз

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Төтенше жағдай қызметінің өкілдері 28 метрден биік үйлерді ғана кіріп тексеруге құзыретті. Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов орталық коммкуникациялар қызметінде өткен брифингіде осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жарылыс болған үй соңғы рет қашан тексеріліп еді? Зардап шеккендерге қандай өтемақы беріледі?» деп сұрады журналист.

Нұрболат Дербісовтің сөзінше, төтенше жағдай қызметі кез келген тұрғын үйді тексере алмайды.

«Өйткені Конституциялық заң бойынша біздің ешқандай тұрғын үйге кіруге құқығымыз жоқ. Бірақ бұған дейін жыл сайын күз бен көктемде өртті бақылау айлығын өткіземіз. Әсіресе күзде жылыту маусымының алдында үй-үйді аралаймыз. Біздің қызметтің критерийі бойынша 28 метрден биік үйлерді ғана тексеруге қақымыз бар», - деді ол.

Министрлік өкілі апаттан үйсіз қалған адамдарға өтемақы төлеу мәселесі жергілікті әкімдіктің құзырында екенін айтты.

«Өтемақы мәселесі бойныша қазіргі таңда облыс әкімі жұмыс істеп жатыр. Үйсіз қалған барлық азамат үймен жабдықталады деген мәлімет алдық. Оның толық ақпаратын құрылған комиссияның шешімінен кейін айтсақ деп отырмыз. Өйткені ол өтемақымен қамту мәселесі жергілікті әкімдіктердің құзыретінде болғандықтан толық мәлімет бере алмаймын», - деді Нұрболат Дербісов.


Соңғы жаңалықтар