У.Чавес Колумбиямен соғысқа дайындалуға бұйрық берді

АСТАНА.  Тамыздың 10-ы.  ҚазАқпарат -  Венесуэла  Президенті Уго Чавес   елдің әскери қолбасшылығына   Колумбиямен арада   болуы  ықтимал  соғысқа дайындалуға      бұйрық    берді. 

У.Чавес  Колумбиямен  соғысқа дайындалуға  бұйрық берді

Оның  пікірінше, Богота    өз  аумағындағы АҚШ  әскерінің  қатарын    арттыруды   жоспарлап отыр,  ал бұл өз  кезегінде Венесуэланың  қауіпсіздігіне  қатер  төндіреді.

У.Чавес,  «қауіптің    артып  отырғанын» айтып,    армия мен  халықты    шабуылға  тойтарыс  беруге әзір болуға   шақырды,  деп   хабарлайды   ҚазАқпарат  Associated Press агенттігіне  сілтеме  жасап.

Естеріңізге  сала  кетейік,   Венесуэла мен   Колумбияның арасындағы  кикілжіңге солшыл  экстремистік FARC  тобындағы  колумбиялық  содырлардан  табылған  швед   қару-жарағы     себеп болды.   Богота     танктерге  қарсы реактивті   гранатометтер   содырлардың қолына   Венесуэла  жақтан түсті  деп  санап  отыр.

Қазіргі уақытта Колумбия сондай-ақ   өз  аумағындағы бірнеше әскери базаны   американдықтарға  ұзақ мерзімге    беру  туралы  АҚШ-пен келіссөз жүргізіп  жатыр.  Венесуэла     аймақтағы АҚШ контингентінің     көбеюіне  үзілді-кесілді  наразы.