08:29, 08 Шілде 2016 | GMT +5
U-Jean: «Юбэнктің батылдығын құрметтеймін, алайда бұл салмақта Головкиннің күші ересен»
АСТАНА. ҚазАқпарат - R.I.O неміс тобында өнер көрсететін музыкант U-Jean, британдық боксшы кіші Крис Юбенк пен қазақстандық Геннадий Головкиннің жекпе-жегі туралы өз пікірін білдірді, деп жазды Sports.kz.
«Мен шын мәнінде Крис Юбенкті бокшы ретінде құрметтеймін, оның батылдығын жоғары бағалаймын. Бірақ бұл салмақта GGG күші алапат. Британдық үшін бұл өте қауіпті айқас, бірақ кіші Юбенк те, оның әкесі де жеңетіндеріне сенімді», деп жазды U-Jean өзінің твиттерінде.
Головкин - Юбэнк жекпе-жегі қыркүйек айында өтеді.