Ұ.Қарабалин: Газ саласын дамыту тұжырымдамасы осы жылдың 4-тоқсанында Үкімет қарауына енгізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Газ саласын дамыту тұжырымдамасы осы жылдың 4-тоқсанында Үкімет қарауына енгізіледі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.

Ұ.Қарабалин: Газ саласын дамыту тұжырымдамасы осы жылдың 4-тоқсанында Үкімет қарауына енгізіледі

«Біздің газ қорымыздың шамамен 80 пайызы ілеспе, мұнай газы болып саналады. Яғни ол мұнай өндірісімен тығыз байланыста және соған байланысты мұнай өндіру де біз алатын газды қалай таратуымызға байланысты. Біріншіден, біз алынған газдың бір бөлігін сатсақ, қалғанын сұйық көмірсутегін өндіру үшін жер қойнауына кері айдаймыз», - деді министр.

Оның атап өтуінше, әлемде аса жоғары белсенділік тақтасты өндіру, газды қайта өңдеу салаларында анық байқалады. Осыған байланысты министрлік Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес газ саласын дамытудың арнайы тұжырымдамасын жасауда.

«Осы құжат үстіміздегі жылдың төртінші тоқсанында Үкімет қарауына енгізілетін болады. Бұл тұжырымдама отандық газ өнеркәсібін дамытуға тың серпін береді», - деді Ұ.Қарабалин.