Ұ. Қарабалин: Қазақстанда мұнай өндіру 3 еседен астамға артты

АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Тәулесіздік жылдары ішінде Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 3 еседен астамға өсті.

Ұ. Қарабалин: Қазақстанда мұнай өндіру 3 еседен астамға артты

Бұл туралы бүгін «KAZENERGY» қауымдастығы кеңесінің 15-ші отырысында ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.

Оның атап өтуінше, Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан әлемдегі мұнайдың дәлелденген мол қорына ие 15 елдің, ал газ қоры бойынша алғашқы жиырмалыққа енген.

«Біздің елімізде мұнай өндіру 3 еседен астамға өсті. Бүгінде тәулігіне 1,6 млн. баррель мұнай өндіріледі. Ал газ өндіру көлемі 5 есеге артып, жылына 40 млрд. текше метрге жетті», - деді министр.