Ұ. Қарабалин: Төртінші мұнай өңдеу зауытын салуды қазірден ойлау керек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2023 жылдан кейін Қазақстанда дизелдік отын өндірісі тапшы бола бастайды. Сондықтан да, төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысын қазірден ойлау керекпіз. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин осылай мәлімдеді.

Сөз арасында вице-министр Қазақстандағы үш зауыттың қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, төртінші жаңа мұнай өңдеу зауыты іске қосылғаннан бастап елімізде бензинге ішкі сұраныс толық қамтамасыз етілетінін атап өтті. Осыған байланысты Үкімет төртінші зауыттың құрылысы туралы мәселені қарастыруда.

«2017 жылдан кейін біздің елімізде үш МӨЗ (мұнай өңдеу зауыты) жаңғырту есебінен ішкі нарықтың сұранысы толық жабылады. Алайда 2023 жылға қарай дизелдік отын тапшылығы байқалуы болжанады, бұл шамамен 1-1,5 млн. тоннаны құрауы мүмкін. Осының алдын алу үшін қазірдің өзінде жаңа зауыт туралы ойлануымыз керек. Бұл ретте зауыттың орналасатын орнын айқындап, инвесторлар табу, жобаның экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуге тиіспіз», - деді Ұ. Қарабалин.

Оның сөзіне қарағанда, төртінші зауытқа қатысты қазіргі таңда әкімдіктер тарапынан да, түрлі компаниялар тарапынан да көптеген ұсыныстар түсуде. Ондай ұсыныстар арнайы комиссияның қарауында жатыр. «Бұл мәселеде ең бірінші кезекте таза экономикалық қадам басымдыққа ие болып табылады, сосын логистика, мұнаймен қамтылу, сондайақ өндірілген мұнай өнімдерінің экспортын қамтамасыз ету мәселелері де өзекті болып табылады», - деді Ұзақбай Қарабалин.

Еске сала кетейік, бүгінгі таңда елімізде төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысы кеңінен талқылануда. Бұл мәселені Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көтерген болатын.

Соңғы жаңалықтар
telegram