17:48, 11 Ақпан 2009 | GMT +5
Ү. Тәжікенованың жаңа кітабы жарыққа шықты
АЛМАТЫ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматыда ҚР Ұлттық кітапханасының ғимаратында белгілі прозашы Үміт Тәжікенованың «Жыңғыл шыбығы» атты кітабының тұсаукесер рәсімі болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Орыс тілінде жарық көрген кітапқа автордың романы, бірқатар әңгімелері, жолжазбалары, аудармалары, публицистикалық мақалалары, әдеби сын-рецензиялары және эссесі еніп отыр.«Қазір қаламгерлердің көпшілігі әдебиеттен бизнеске, коммерцияға кетіп жатса, Үміт керісінше кәсіпкерліктен әдебиетке келіп жатыр. Бұл кез-келген адамның қолынан келе бермейтін ерлік деп білемін», дейді бүгінгі кездесуге келген белгілі қаламгер Дулат Исабеков.Ү. Тәжікенованың алғашқы әңгімесі «Таң-Шолпан» журналында 2001 жылы шыққан болатын. Осы жылы прозалар жинағы, 2003 жылы тағы бір кітабы шықты. 2006 жылы «Ақиқатқа жүгіну» кітабы оқырмандарға жол тартты. Сондай-ақ оның бірқатар әңгімелері еліміздің беделді қазақ және орыс басылымдарында жарияланып тұрады. Қазірде Үміт Тәжікенова қазақ жазушыларының шығармаларын орыс тіліне аударуды кәсіби түрде қолға алған.