U20 әлем чемпионаты: Қазақстанның екі балуаны жұбаныш белдесуіне шығады
АСТАНА. KAZINFORM — Словакияның Братислава қаласында күрес түрлерінен U20 жас санатындағы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
Алғашқы жарыс күнінің нәтижесінде екі қазақстандық балуан жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алды.
77 келіге дейінгі салмақта Еркебұлан Анапия жұбаныш белдесуінде Грекия өкілі Адамантиос Пападатоспен өзара мықтыны анықтайды.
Сондай-ақ Бахтияр Казиев 130 келіге дейінгі салмақтың жұбаныш белдесуінде қытайлық Чэнмао Цуймен кездеседі.
Бұған дейін Қазақстан күрестен Түркиядағы халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.