U20: Балуаны Мықтыбек Үкіметұлы әлем чемпионатын 5-орынмен аяқтады

Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Мықтыбек Үкіметұлы Понтеведра (Испания) қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында бесінші орын алды, деп жазады Olympic.kz.

Мықтыбек Үкіметұлы
Фото: Olympic.kz

57 келі салмақтағы балуан қола медаль үшін күресте грузиялық Лука Гвинджилиямен белдескен болатын.

Өкінішке қарай, бұл бәсекеде қазақстандық балуан жеңіліс тапты. Мықтыбек қарсыласына 1:4 есебімен жол берді.

Бүгін 97 келідегі Ризбек Айтмұхан алтын медальға таласса, Айқын Болатұлы (70 келі) қола жүлде үшін айқасады.