Уәде: «Жібек жолы» телеарнасында жаңа бағдарлама

«Жібек жолы» телеарнасы «Уәде» аналитикалық сұхбат бағдарламасын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

сұхбат
Фото: ҚазАқпарат/Мұхтар Холдорбеков

Бағдарлама үкімет тұлғалары, мемлекеттік органнан, мәжіліс және сенаттан, сарапшылар ортасынан өткізіледі.

Сондай-ақ онда халыққа және еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына берген уәделері мен жобалары аясында сұрақтар қойылады. Бағдарлама саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдайлар мен мәдени-рухани кеңістіктегі де қамтитын болады.

Әдетте отандық телевизиядағы сұхбаттар көбіне тек спикердің өмір жолы мен оның өзін ашуымен ғана шектеледі. Ал Үкімет тұлғаларынан дәл халық алдында, Президентіміздің алдында айтқан уәделердің жүзеге асуы мен жалпы қалай болып жатқанын есепке алмайды.

Ал жаңа бағдарламада 2 қатысушы болады. Ол жүргізуші және сұхбат беруші. Сұрақтар келушінің міндеттері мен берген уәделерінің аясында қойылады. Спикер мемлекеттік органнан, мәжіліс және сенаттан, сарапшылар ортасынан келеді.