Уақыт белдеуін ауыстыру электр қуатын белсенді тұтынатын кезеңді бір сағат ұзартады - KEGOC басшысы

АСТАНА. KAZINFORM – KEGOC акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов уақыт белдеуін бірыңғай жүйеге ауыстыру электр тапшылығына қалай әсер ететінін айтты.

перебои с электроснабжением
Фото: Алина Тулеубаева/Kazinform

«Наурызда елімізде бірыңғай уақыт белдеуі енгізілмекші. Бұл энергетикалық жүйеге қалай әсер етеді. Тапшылық азая ма, көбейе ме?» - деп сұрады журналист брифингіде.

Нәби Айтжанов бұл өзгерістің энергетикалық жүйеге әсері болатынын растады.

«Шын мәнінде ол соншалықты әсер етпейді. Иә, электр қуатын тұтыну көлемі кішігірім мөлшерде ұлғаяды. Өйткені «час-пик» кезеңге қосымша сағат қосылады. Дұрысы, электр қуатын белсенді тұтынатын кезең қосымша бір сағатқа ұзарады. Біздің жүйе оған дайын. «Час-пик» кезеңінде электр қуатын тұтыну кішігірім мөлшерде көбейеді», - деді KEGOC басшысы.