Уақыт қысқарып бара жатыр...

АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Уақытты дұрыс пайдалана білу керек. Бірақ сол алтын уақытымызды кейде жеткізе алмай жатамыз.
None
None

Таңның атысынан күннің батысына дейін шаруаның соңында сабылып жүріп, уақыттың қалай сырғып өткенін де байқамай қалып жүрміз. Ғылыми зерттеулерге қарағанда уақыт өткен жылдармен салыстырғанда тез жылжуда. Қазіргі таңда адамдардың өзгеріп, мінездерінің сан құ­бы­луын да уақыттың жылдам өтуімен байла­нысты­рады, деп жазады «Айқын» газеті (авторы - Нұрсұлу Мырзахметова).

Бірнеше жыл бұрын ғалымдар Жердің де адам­ның жүрегі сияқты соғып тұратын пульсі болаты­нын байқаған. Көп жыл бойы пульс секундына шамамен 7.8 тактімен соғып тұрған көрінеді. Ал 1980 жылдарға қарай оның жүрек соғысы одан әрі жылдамдаған. Қазір оның секунды 12 тактке сай келеді деп болжаған. Ең қызығы, кейбір ғалым­дардың мәлімдеуінше, бұл пульс 13 тактке жеткенде Жер айналуын тоқтатпақ. Ал үш күннен кейін кері бағытта қайта айналады деп есептеледі. Бұл - маг­нитті полюстердің өзгеруіне әкеледі. Осы пульстің соғуының жиілеуінен біз уақыттың жылдам өте­тінін сезетін болуымыз керек.

Иә, 24 сағат қазір 16 сағатқа қысқарып қалғандай. Әр секунд, әр минут, сағатымыз хронометрмен өл­шенсе де, Жер пульсінің жылдам соғуынан тәу­лігіміз 16 сағатқа ғана созылғандай болады.

Жалпы біздің ғаламшар жылма-жыл орбитасын ауыстырып, күнге жақындағандай көрінеді. Егер күн жүйесін бір-бірінен қашықта жатқан атом моделімен салыстырсақ, ядроның айналасында электрондар айналады, ендеше жердің жылдамдығы да баяулап қалғанын байқауға болады. Ал ядроға жақын электрондар, одан алшақ электрондармен салыстырғанда ақырын айналады. Демек, ғаламшар күнге жақын болған сайын, оны ақырын айналады. Ал айналу жылдамдығы азайған сайын уақыт тез жылжи бермек. Бұл жерде 24 сағатымыз 23, не 22 сағат болып қысқарып қалады деген сөз емес, тек уақыт жылдам жүріп отырмақ.

Бүгінде ғаламшардағы өзгерістер әлі жалғасуда. Оның жылдамдығы тұрақты күйде емес, баяулауда. Сондықтан биылғы жыл былтырғыға қарағанда, келер жыл биылғыға қарағанда тез өтпек.

Барлық жүйе қалыпты жағдайын, тепе-теңдікті сақтап қалуға тырысқанмен, жер ғаламшары жылдамдығын бәсеңдете отырып, уақыттың тез жылжуына себепкер болып отыр. Ал егер ғаламшар жылдамдығы тұрақты шамасына келсе, Жер белгілі орбитадан орын алып, уақыт та қалыпты деңгейде жүрмек. Демек, уақыттың бірқалыпты жылжуы ғаламшар жылдамдығының тұрақтылығына байланысты. Керісінше, ғаламшар жылдамдығы арта беретін болса, онда уақыттың жылжуы ақырындай түседі.

Алайда уақыттың тез жылжуын басқаша түсін­діретіндер де бар. Оның негізі - адамның өз уақытын дұрыс елеп-екшеуінде. Адамның миында «ырғақбасқарушы» болады-мыс. Аталмыш «ырғақ­басқарушы» жүйелі түрде импульстар беріп тұрады. Сол импульстардың есебі бойынша ми уақытты болжай алатын көрінеді. Содан көбіне жасы ұл­ғайған адамдарға уақыт тез өтетіндей байқалады. Алайда мида ондай басқарушылардың болатыны, оның қалай орналасып, импульсті қалай қабыл­дайтыны да нақты емес.

Соңғы жаңалықтар