«Уақыт Таңдауының» жеңімпаздары

АСТАНА. 25 наурыз. ҚазАқпарат - «Уақыт таңдауы - Выбор Времени» агенттігі мен республикалық қоғамдық-саяси «Президент және Халық» газетінің бірлескен жобасы бойынша соңғы бес жылдан бері жыл үздіктері анықталып келеді.
None
None

Биыл Наурыз мерекесі қарсаңында осы жобаның төрт номинациясы бойынша жеңімпаздар анықталды.

Әділқазылар алқасы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясын (Бас директоры Мұхтар Жамашұлы Өтеуов) Жылдың үздік филармониясы деп таныды. Ө.Оспанов атындағы Қазақ Топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты (Бас директоры Абдолла Сапаров) Жылдың үздік ғылыми-зерттеу институты ретінде жеңімпаз болды. «Әдемі-ай плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (президенті Баһаргүл Төлегенқызы) Жылдың үздік компаниясы аталымын алды. «ҚОҢЫР» этно-эстрадалық тобы (Продюссері Сержан Молдасанұлы) Жылдың үздік эстрадалық тобы атағына лайық деп танылды. Жеңімпаздардың қайсысы да үздік жұмыстарымен көзге түскен, қоғамда өз орындары бар ұжымдар.

Соңғы жаңалықтар