Уақытша тіркеуге байланысты жұмыс уақыты ұзарған қызметкерлерді ынталандырамыз - Көші-қон басқарамасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық ішкі істер департаменті көші-қон басқармасының бастығы Гүлвира Дөненбаеваның айтуынша, тұрақты және уақытша тіркеуге байланысты жұмыс уақыты ұзарған қызметкерлерді ынталандыру шаралары қолға алынады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Уақытша тіркеуге байланысты жұмыс уақыты ұзарған қызметкерлерді ынталандырамыз - Көші-қон басқарамасы

«Бұл жұмыс заңның аясында ұйымдастырылды және қызметкерлердің құқықтарын шектеп отырған жоқ. Енді, жалақы жағынан ешқандай өзгеріс болмайды, себебі біздің жалақымыз үкіметтің қаулысымен бекітілген. Әрине, жеңілдіктер де жоқ емес. Қазір xалыққа қызмет көрсету орталықтарында жұмыс істеп жатқан көші-қон қызметкерлері кестеден тыс демалыс ала алады, қосымша күндер қосылатын шығар. Ол жағынан жеңілдіктер жасалады. Мен өзім басшы ретінде оларды ынталандыруға тырысатын боламын. Сыйақы жағынан ештеңе айта алмаймын. Себебі ол менің құзыретіме жатпайды. Мен грамота, Алғыс xат сияқты марапаттарға өтінішxат жасай аламын. Соның барлығы қызметкердің жеке құжаттарында да көрсетіледі. Оны біз ұйымдастыратын боламыз», - деді Дөненбаева ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Айта кетейік, қаңтардың 7-сінен бастап, Қазақстан азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу мен уақытша тіркеуге қатысты жаңа норма күшіне енгеннен кейін xалыққа қызмет көрсету орталықтарында адамның саны көбейді. Осыған байланысты орталықтардың жұмыс күні ұзартылып, демалыс күндері xалықты қабылдау шаралары ұйымдастырылды. Бір айдан кейін, яғни ақпанның 7-сінен бастап тұрақты және уақытша тіркеуге тұрмаған азаматтарға айыппұл салынады .

Үйдің құжаттары дайын болмаса, жұмыс орны, я болмаса, туыстардың мекен-жайы бойынша уақытша тіркеуге тұруға болады. Уақытша тіркеукоммуналдық төлемдерге әсер етпейді.