Уақытша тіркеуге ХҚКО-лардың инфрақұрылымы дайын болған - министр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақпарат жəне коммуникациялар министрі Дəурен Абаевтың айтуынша, уақытша тіркеуге орай, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының инфрақұрылымы дайын болған. 

Уақытша тіркеуге ХҚКО-лардың инфрақұрылымы дайын болған - министр

Тек ХҚКО-лардағы бүкіл қызметкер уақытша тіркеу жүргізе алмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Халыққа қызмет көрсету орталықтарының инфрақұрылымы дайын болды. Тек заң бойынша ХҚКО-лардың бүкіл қызметкері азаматтарды тіркей алмайды",-деген министр бірнеше күннің ішінде бұл мəселе реттелетінін атап өтті.

"Бірнеше күн ішінде инфрақұрылымның əзірлігі жөнінде дəлірек ақпарат естисіздер деп ойлаймын. Бірнеше күннен кейін бұл бағытта қолдарыңызда кезең-кезеңді нұсқаулық болады. Біз күні-түні жұмыс істеп жатырмыз",-деді Абаев.