Уақытша жеке куәлік Қазақстан аумағында жарамды және оны сайлауға қатысу үшін қолдануға болады
АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттарының бірі болуы қажет (төлқұжат, жеке куәлік),
деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.
"Сонымен қатар азаматтарға жеке куәлігі жоғалған, қолданысқа жарамсыз болған жағдайларда және жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азаматтарға олардың өтініші бойынша жеке басын куәландыратын жаңа құжаттар алғанға дейін әділет органдарымен тұрғылықты жері бойынша (тіркеу) уақытша жеке куәлік беріледі", - деп ақпараттандырды ведомствоның баспасөз қызметі.
Уақытша жеке куәлік Қазақстан Республикасының аумағында жарамды және оны сайлауға қатысу үшін қолдануға болады.
Осыған орай, азаматтар жоғарыда көрсетілген себептерге байланысты сайлауға дейін жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда немесе құжатттары дайындалмаған жағдайда, әділет басқармасымен тұрғылықты жері бойынша (тіркеу) аумақтық халықты құжаттандыру және тіркеу бөлімдеріне жүгініп, мына құжаттарды: Аумақтық әділет басқармасы басшысының атына өтінішті; тұрақты тіркеуді растайтын азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекенжай бюросының анықтамасын; жеке басты куәландыратын құжат үшін айлық есептік көрсеткіштің 20% көлемінде мемлекеттік баж төлемі төленгені туралы түбіртекті; 3,5 х4,5 см көлеміндегі 1 фотосуретті ұсына отырып, уақытша жеке куәлік алуға болады.