Уәлихан Қалижан Нұрсұлтан Назарбаевқа әдебиет институтының жұмыстарын таныстырды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Уәлихан Қалижанды қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында Уәлихан Қалижан Нұрсұлтан Назарбаевқа институтының қазіргі ғылыми-зерттеу жұмыстары жөнінде мәлімдеді.
Елбасы академикке төл әдебиетіміз бен өнерімізді дамытуға зор еңбек сіңіргенін атап өтіп, Қазақстанның өркендету жолындағы табысты жұмысына алғыс білдірді.