Уәлихан Қайсаров Президенттікке кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгеруін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның сынынан өте алмады
Лингвистикалық комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбековтың айтуынша, мемлекеттік тілді еркін меңгеру сынағы үш түрлі бағыт бойынша жүргізілді. «Атап айтқанда, кандидат екі беттен аспайтын шығарма жазып, кітаптан 3 минуттан аспайтын мәтін оқу керек. Сондай-ақ кандидат мінберден сөйлеп, өз ойын жеткізе алатындығын көрсетуі керек»,-деді М. Жолдасбеков.
Комиссия төрағасының сөзінше, У. Қайсаров жазба жұмысы бойынша тақырыпты аша алмады. Оның ойы шашыраңқы болды. Сөйлем құрауда көп қателер жіберді. «Нәтижесінде орфографиялық қателер - 7, пунктуациялық қателер - 11, стилдік қателер - 10 болды. Бас-аяғы 2 беттік жазба жұмысының негізгі қателері - 28 болып шықты»,-деді М. Жолдасбеков.
Оның сөзіне қарағанда, У. Қайсаровтың кітәптан мәтін оқуы көңілден шықты. Ал еркін тақырыпта ойы шашыраңқы болды.