Уәлихан Қайсаров шетел азаматы ма?

АСТАНА. ҚазАқпарат -ҚР Президенттігіне өзін-өзі ұсынған Уәлихан Қайсаров өтінішінде басқа мемлекеттің азаматы екендігін көрсеткен. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен мәлім етті.

Уәлихан Қайсаров шетел азаматы ма?

«Үміткерлердің өз қолдарымен жазған мәліметтерінің өзін Орталық сайлау комиссиясы мұқият тексеруде. Мысалы, өз кандидатурасын ұсынған У.Қайсаров президенттікке кандидат болып дауысқа түсуге ниет білдіру туралы өтінішінде басқа мемлекеттің азаматтығында тұрғанын өз қолымен көрсеткен», - деді ОСК мүшесі.

Л.Сүлейменнің атап өтуінше, осыған орай Орталық сайлау комиссиясы еліміздің Ішкі істер министрлігіне аталған деректерді тексеру үшін сұрау салған.

«Сонымен қатар осы үміткер мемлекеттік тілде толтырылған өмірбаяндық деректерінде де бірнеше қате жіберген», - деді ол.

Шавкат Мирзиеев
Ұқсас жаңалықтар

Жаһандық қақтығыстар ОА елдері үшін жүк тасымалы құнының 30%-ға дейін өсуіне себеп болып жатыр - Шавкат Мирзиёев