«ҰАТ» АҚ базасындағы заманауи Серверлік орталық Қазақстанның ақпарат нарығындағы қажеттілігін қанағаттандыра алады

АСТАНА. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - «Қазіргі таңда «ҰАТ» АҚ базасындағы заманауи Серверлік орталық қуатты құрал-жабдықтарымен Қазақстан Республикасының ақпарат нарығындағы қажеттілігін қанағаттандыра алады»,

«ҰАТ» АҚ базасындағы заманауи Серверлік орталық Қазақстанның ақпарат нарығындағы қажеттілігін қанағаттандыра алады

дейді басқарма төрағасының орынбасары Қ.Өтепов.

 «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ы Серверлік орталығының қызметі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесі қызметінің тиімділігін арттыруға, сенімділігінің, қолжетімділігінің және мәліметтердің қауіпсіздігінің кепілді деңгейлерімен мемлекеттік органдардың бірыңғай, толық ақпараттық ресустарын қамтамасыз етуге бағытталған.

 Аталған орталық құрал-жабдықтардың сақталуын, электрмен үздіксіз жабдықталуын, кешенді өңдеу бағдарламалық-аппараттық жүйесінің ырғақты жұмыс істеуін, сондай-ақ мәліметтердің сақталуын және дер кезінде берілуін қамтамасыз етеді. Орталықтың қауіпсіздік деңгейі барлық халықаралық сапа нормасына жауап бере алады.