ҰБ: Теңгемен салымдардың үдемелі өсімі байқалуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда теңгемен салымдардың үдемелі өсімі байқалуда. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті. Мәжілісмендер «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын талқылауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстанда теңгемен активтерге және депозиттердің долларлануының төмендеуіне деген сенімнің қалпына келуінің жағымды үрдістері байқалды. Халықтың және кәсіпорындардың валютаға басымдық беруі өзгеруде, теңгемен салымдардың үдемелі өсуі байқалуда», - деді Данияр Ақышев.
Бұған көбіне Ұлттық банктің теңгемен құралдар тартымдылығын арттыру жөніндегі шаралары ықпал етті. Белгілі болғандай, жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері бойынша ең жоғарғы мөлшерлемелер 2016 жылғы ақпанда 10%-дан 14%-ға дейін көтерілді және шетел валютасындағы депозиттер бойынша мөлшерлемелер 3%-дан 2%-ға дейін төмендетілді.
Таратылған мәліметтерге қарағанда, қыркүйектің қорытындысы бойынша шетел валютасындағы депозиттер үлесі 2016 жылғы қаңтардан бастап 70%-дан 58,3%-ға дейін, оның ішінде халықтікі 80%-дан 66,6%-ға дейін, заңды тұлғалардікі 62%-дан 52,5%-ға дейін төмендеді.