Uber-дің бас директоры қызметінен айырылуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Uber компаниясының негізін қалаушы және бас директоры Трэвис Каланик уақытша қызметінен шеттетілуі немесе басқа лауазымға ауыстырылуы мүмкін, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Uber-дің бас директоры қызметінен айырылуы мүмкін

Басылымның хабарлауынша, жексенбі күні Uber директорлар кеңесі кездесу өткізіп, онда Каланик пен оның екі орынбасарының болашағын талқылады. Uber басшысының орынбасары Эмиль Майкл жақын күндері қызметінен босатылуы әбден мүмкін. Каланиктың операциялар жөніндегі орынбасары Райан Грэйвстің мансабына да қауіп төнді.

Директорлар кеңесінің мұндай әрекеті - Uber қызметкерлерінің қатысуымен болған дау-дамайға байланысты болды. Компанияның басшылығы, әсіресе, менеджерлердің біріне қатысты тағылған айыппен келіспеді. Оның Үндістанда Uber жүргізушісі зорлық жасаған қызға қатысты медициналық деректерді алғаны хабарланды. Бұдан бөлек, осы оқиға салдарынан компанияның 20 қызметкері жұмыстан босатылды. Ақпан айында Uber компаниясының бұрынғы екі қызметкері өздерінің бұрынғы басшылығын сексизм мен алымсақтық жасады деп айыптаған еді. Каланик бұдан кейін компанияда мұқият тексеріс жүргізуге уәде еткен болатын.