ҰБТ: 125 балл алған 19 түлектің 6-ауы «Дарын» мектептерін бітірген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғарғы 125 балл алған 19 түлектің 6-ауы «Дарын» білім беру желісі мектептерін бітіргендер. Бұл туралы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Айта кету керек, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы желісінде қазір еліміз бойынша 124 мамандандырылған, яғни дарынды балаларға арналған облыстық және республикалық деңгейдегі мектеп-интернаттар мен лицейлер және гимназиялар бар. Олар жаратылыстану-математика, қоғамдық-гуманитарлық, музыкалық, әскери-спорттық бағыттарды қамтиды.  Жыл сайын  Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша мамандандырылған білім беру ұйымдарының 61%-ы республикамыздың үздік 100 мектебі қатарына кіреді.

«Мысалы дарынды балаларға арналған 124 мектептен  ҰБТ-ға 4 407 мектеп бітіруші қатысса, тестілеу қорытындысы бойынша орташа балл - 98 балды құрады. «Алтын белгіге» үміткер 706 түлектің 484-і дәрежесін дәлелдеп шықты. Осылайша, оқушылардың жыл сайынғы жоғары жетістіктері дарынды балаларға арналған мектептердің өз мәртебесіне сай екендігін іс жүзінде дәлелдеуде», делінген баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар