ҰБТ: 24 пайыз талапкер орыс тілін, 0,1 пайыз ағылшын тілін таңдаған

АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023 жылғы негізгі ҰБТ кезінде талапкерлердің 75 пайызы қазақ тілінде тест тапсырған. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҰБТ: 24 пайыз талапкер орыс тілін, 0,1 пайыз ағылшын тілін таңдаған

«Тест тапсыру тіліне келсек, 75 пайызы қазақ тілінде, 24 пайызы орыс тілінде, 0,1 пайыз ағылшын тілінде тапсырған», - деді вице-министр.

Сондай-ақ, ол тестілеу 5 пән бойынша өткенін еске салды.

«Оның бәрін білесіздер. 3 міндетті және екі бейінді пән болды. Тест тапсырмаларының саны – 120.

Жалпы биыл ерекше білім беру қажеттілігі бар талапкерлерге арнайы жағдай жасалды. Мысалы, тест уақыты олар үшін 40 минутқа ұзартылды. Сонымен қатар, сызба мен диаграммасыз сұрақтар берілді. Осы шаралардың арқасында 478 ерекше білім беру қажеттілігі бар тестілеуші ҰБТ тапсырды», - деді Қуаныш Ерғалиев.