ҰБТ: 4 күннің қорытындысы бойынша 23 мыңнан астам түлек шекті деңгейді еңсере алмады
АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - Ұлттық бірыңғай тестілеудің төртінші күнгі қорытындысы бойынша еліміздегі 23 мыңнан астам түлек шекті деңгейді (50 балл) еңсере алмады.
Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.
«3-6 маусым аралығындағы тестілеуге 81 931 мектеп бітіруші қатысты. Олардың 56184-і - қазақ тілінде, 25 747-сі орыс тілінде білім алған. ҰБТ шекті деңгейінен 23 778 түлек өте алған жоқ», - делінген Ұлттық тестілеу орталығы баспасөз қызметінің хабарламасында.
ҰБТ-ның төртінші күнінің қорытындысы бойынша 9204 оқушы 100-ден жоғары балл жинаған.