ҰБТ бірінші күні: Астанада орташа көрсеткіш 91,3 баллды құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні, 2 маусымда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде және С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінде Ұлттық бірыңғай тестілеу өтті, деп хабарлады астана әкімінің баспасөз қызметі.

ҰБТ бірінші күні: Астанада орташа көрсеткіш 91,3 баллды құрады

Елорда бойынша орташа балл 91,3 құрады. Ұлттық емтиханның бірінші күнінің қорытындысы бойынша екі түлек - қыздарға арналған Қазақ-түрік лицейінің және №15 мектеп-лицейінің оқушысы ең жоғары балл (124) жинаған.

Жалпы, 1058 оқушы тест тапсырды, соның ішінде 707-сі қазақ тілінде, 351-і орыс тілінде оқығандар. Тестілеу кезінде аудиториядан шығарылғандар немесе тест нәтижелерін жою жағдайлары тіркелген жоқ.

Бүгін тестілеу Қазақ гуманитарлық заң университетінде өтіп жатыр.

Еске салайық, Ұлттық бірыңғай тестілеу 2-6 маусым аралығында өтеді.