ҰБТ-да «Алтын белгіні» тест тапсыру барысында 1 401 түлек дәлелдей алды
АСТАНА. 15 маусым. ҚазАқпарат - «Алтын белгіге» 5816 үміткердің ҰБТ-ға 5761 қатысты. Оның ішінде аталған белгіні тест тапсыру барысында 1401-і дәлелдей алды.
Бұл жайында бүгін Білім және ғылым министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында аталған ведомствоның вице-министрі Махметқали Сарыбеков мәлім етті.
«100 баллдан жоғары алғандардың саны 10755-ті құрады. ҰБТ нәтижелері бойынша Алматы қаласының түлектері орташа балл 84,7 деңгеймен алға шықты», - деді вице-министр.
Сонымен қатар Астананың орташа баллы 78,5, Ақтөбе облысы бойынша 78,7 балл, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 77,9 баллды құрады. Атап айтқанда, бұл өңірлер бойынша жоғары көрсеткіш. Ал, республика көлемінде орташа балл 70,9 құрады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 15,7 балға төмен.
«Республикалық апелляциялық комиссияға 1543 өтініш түсті, оның ішінде 627-сі қанағаттандырылды», - деді ол.
М. Сарыбековтың сөзіне қарағанда, ҰБТ-ға барлығы 117432 талапкер қатысты. Оның ішінде жоғарғы оқу орнына түсу үшін төменгі межеден 43 163 талапкер өте алмады.