ҰБТ-да «оғаш» сұрақтардың кездескені расталса, министр Б.Жұмағұлов кешірім сұрауға дайын

АСТАНА. 9 маусым. ҚазАқпарат - Ұлттық бірыңғай тестілеуде «оғаш» сұрақтардың кездескені расталса, Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов кешірім сұрауға дайын.

ҰБТ-да «оғаш» сұрақтардың кездескені расталса, министр Б.Жұмағұлов кешірім сұрауға дайын

Бұл туралы ол «Время» газетінің оқырмандарының сауалдарына берген жауабында айтқан.

Алматы тұрғыны министрмен телефонмен сөйлесу барысында өзінің туыстарының бірінің ҰБТ-да «Роза Рымбаеваның сүйікті көйлегі қандай немесе Райымбек батыр қандай түстікиім киген?» сынды оғаш тарихи сұрақтардың болғандығын айтқандығын жеткізген.

«Маған достарымның бірі қоңырау шалып, «Міне, менің алдымда ұлы ҰБТ тапсырған және «Шыңғысхан бір жорықта қанша ат ауыстырған?» деген сауалға жауап берген тарихшы отыр», - деді. Біз тест сауалдарын қарап шықтық. Ондай сауал жоқ. Сөйтсек, осыдан жеті жыл бұрын бір тарихшы мұндай тапсырма жөнінде айтып, ол әлі күнге дейін  алдан шығып келеді. Мен сіздерге мәлім етемін, мұндай сұрақтар болмаған және жоқ», - дейді Б.Жұмағұлов.

Оның атап өтуінше, барлық сауалдары стандарттарға сай және оларды дайындаудың соңғы кезеңінде еліміздің үздік 166 педагогы оларға сараптама жасаған.

«Базада 149 мыңнан астам тест тапсырмалары болғандығына қарамастан Роза Рымбаеваға қатысты және осы сынды сауалдардың болғандығын қажетті сөзді іздеу тетігіне жазу арқылы 1 минутта-ақ анықтауға болады. Егерде мұндай сауалдардың шындығында да болғандығы расталса, онда мен сол сауалды дайындағандар үшін кешірім сұрауға дайынмын», - деді Б.Жұмағұлов.