ҰБТ кезінде оқушыларға көмектесу үшін көрші кабинеттерде жасырынып отырған мұғалімдер табылды ? Ж.Түймебаев

АСТАНА. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Ұлттық бірыңғай тестіні өткізу барысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері оқушыларға көмектесу үшін көрші кабинеттерде жасырынып отырған мұғалімдерді тапты. Бұл туралы бүгін үстіміздегі жылғы ҰБТ-ның қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мәлім етті,

ҰБТ кезінде оқушыларға көмектесу үшін көрші кабинеттерде жасырынып отырған мұғалімдер табылды ? Ж.Түймебаев
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Министрдің айтуынша, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері мұндай фактілерді Сарыағаш, Жаркент қалалары мен Қызылорда облысында анықтаған. «Бұл мектеп ұстаздары өздерінің әрекеттерімен мектептің ғана емес, бүкіл қаланың, облыстың абыройын түсірді», - деді ол. Сондай-ақ Ж.Түймебаев білім министрлігінің, ҰҚК-ның және мемлекеттік комиссияның өкілдері ҰБТ-ның технологияларын бұзу әрекеттердің жолын кесу мақсатында қолға алған шаралары барысында Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінде өткен тестілеуге біреудің орнына кірмек болған азаматты анықтады. Бүгінде «білімі тасыған» азаматпен оны заң жүзінде жауапқа тарту үшін құзырлы органдар айналысуда. Сонымен қатар, Ұлттық бірыңғай тестілеу сұрақтарының «дұрыс» жауаптарын сатпақ болған алаяқтар ұсталды. Қазір осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олардың ішінде КИМЭП-тің үш студенті мен Қазақ мемлекеттік экономикалық университетінің бір студенті бар.