Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отырған инвестициялық жобаларды басқару стандарттарын жетілдіру қажет - «Нұр Отан» партиясы
СТАНА. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Үкіметпен бірлесіп, Үдемелі индустриялды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отырған инвестициялық жобаларды басқару стандарттарын жетілдіретін болады. Осы мәселе бүгін партияның Орталық Аппаратында (ОА) өткен республикалық дөңгелек үстелде талқыланды.
«Қазіргі қолданыстағы заңнамалық база, негізінен жоба алды құжаттардың, атап айтқанда, техникалық-экономикалық негіздеме, жобалық-сметалық құжатнама, бизнес-жобалар мен басқа да техникалық құжаттардың талаптарын реттейді. Бір мезгілде бізде жобаларды басқару және оларды ілесіп алып жүру бойынша стандарттар жоқ», - деп атап өтті «Нұр Отан» ХДП ОА басшысының орынбасары Расул Оразгұлов.
Р.Оразғұлов, жобалау менеджменті нормаларының жетік дамымауы және оларға бірыңғай талаптардың болмауы, өткен жылы жүзеге асырылуы тиіс болған бірқатар жобаларға кедергі келтірген. Олар тиімсіз, әрі толық емес көлемде атқарылды. «Сондықтан, қолға алынған жобалардың табысты болуы, қаржыландыруға ғана емес, сондай-ақ тиімді әрі сапалы менеджметке тікелей байланысты», - деді ол.
Р.Оразгұловты бұл мәселеде, Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау да қолдады. Ол, жобаларды басқару - кезең-кезеңімен орындалуы тиіс 300-ден астам іс-шарадан тұратын - өте күрделі және көпжақты үрдіс екендігін атап көрсетті.
Отырыс соңында тиісті құзырлы органдарға жіберу үшін ұсынымдар әзірленді.