Удмуртияда 14 жасар оқушы қыз банк тонамақшы болған

АСТАНА. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бетперде киіп, пышақ ұстаған 14 жасар қыз Ижевскідегі банкке шабуыл жасамаққа әрекеттенген .

Удмуртияда 14 жасар оқушы қыз банк тонамақшы болған

«Московский комсомолец» газетінің жазуынша, қаланың коммерциялық банктерінің біріне баса-көктеп кірген  жасөспірімді күзет қызметкерлері құрықтаған. Оның сөзіне қарағанда,  ұрлаған ақшаны қаладан кету үшін пайдалабақ болған.

Бұл  қызға қатысты «Шабуыл» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол жазасын 15 жыл бойы түрмеде өтеуі ықтимал. Қазір одан елден кетпеу туралы қолхат алынды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.