23:14, 27 Қараша 2015 | GMT +5
Удмуртияда баласын ауыр дертке шалдыққан деп жұртты алдаған әйел миллионан астам қаржат жинаған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Удмуртияда әйел 4 жасар ұлы Даняның бауыр обыры дертіне шалдыққанын айтып, оны емдеу үшін қаражат жинауды ұйымдастыруды сұраған. Еріктілер ақшаны әлеуметтік желілер арқылы жинаған, деп хабарланған «Комсомольская правда» сайтында.

Көп ұзамай баланың ондай ауыр дертке шалдықпағаны, шын мәнінде ішінде жарық (грыжа) ауруы пайда болғаны анықталды. Басылымның мәліметтерінше, баланы «емдеуге» жиналған қаражатты анасы жол талғамайтын көлікті сатып алуға жұмсаған. Енді еріктілер өздерін алдап соққан әйелді жауапкершілікке тартпақ. Олар прокуратураға әйелдің үстінен шағым дайындауда.