21:49, 21 Желтоқсан 2017 | GMT +5
УЕФА: «Астана» рекорд орнатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - УЕФА клубтары арасында «Астананың» рейтингісі таңқаларлық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды sports.kz .

«Астана» еуропа командалары арасында үш жыл ішінде 452-ден 67-ші орынға көтерілді.
Еуропа футболының тарихында осындай қысқа мерзім ішінде 400-ге жуық сатыға көтерілген бірде-бір команда болмаған.