УЕФА: «Астананың» «Мариборға» қарсы қарымта кездесуі басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы «Астана-Арена» стадионында «Астана» футбол командасының УЕФА Чемпиондар Лигасы екінші іріктеу кезеңінде словениялық «Мариборға» қарсы қарымта кездесуі басталды. Матч «KazSport» арнасынан тікелей эфирде көрсетілуде.

УЕФА: «Астананың» «Мариборға» қарсы қарымта кездесуі басталды

Естеріңізге сала кетейік, 15-ші шілде күні Мариборда өткен алғашқы кездесуде словениялықтар минималді (0:1) есеппен жеңген болатын. Айта кетерлігі, букмекерлік кеңселердің бірінші болжамында жеңіс «астаналықтарда» болады деп күтіледі. Осыдан кейінгі орында «ойын тең болады» және «словениялықтар жеңеді» деген белгі бар.