УЕФА басшысы Мишель Платини ұйым президенті сайлауына қатысуға ниетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық футбол қауымдастығы одағының (УЕФА) басшысы Мишель Платини ұйымның жаңа сайлауына қатысуға ниетті.
None
None

Бұл туралы ИТАР-ТАСС тілшісіне УЕФА-дағы дереккөз хабарлады.

Бейсенбі күні Платини Монто-Карлода УЕФА-ға кіретін барлық 54 футбол федерациясы басшыларымен кездесу өткізді.

Бұдан бұрын Платини Халықаралық футбол қауымдастығы федерациясы президентінің орынтағына сайлауға түсуге ниеті жоқ деп хабарланған болатын. Сайлау 2015 жылғы мамырда ұйымның штаб-пәтері орналасқан Швейцариядағы Цюрихте өтеді.

Француз футбол тарихында үздік ойыншылардың бірі болып табылатын Платини 2007 жылғы қаңтарда УЕФА президенті болып сайланған, ал 2011 жылы наурызда екінші мерзімге қайта сайланды.

Соңғы жаңалықтар