УЕФА Бельгия клубын Еуропа лигасынан шығарып тастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) Бельгияның «Мехелен» клубын Еуропа лигасынан шеттетті. Бұл туралы УЕФА сайтында жарияланды.

УЕФА Бельгия клубын Еуропа лигасынан шығарып тастады

Клубтың биылғы Лигадан шеттетілуіне оның ел чемпионатында келісілген ойындар өткізуі себеп болған. Клуб 2018/2019 жылғы Бельгия кубогында жеңіске жетіп, Еуропа лигасының топтық кезеңіне тікелей жолдама алған болатын.

2018 жылғы 10 қазан күні Бельгия прокуратурасы келісілген матчтарды тергеп-тексеру кезінде 22 адам қамалғанын мәлімдеді. «Мехелен» басшылары 10 жылға футбол саласында жұмыс істеуден шеттетілді.