УЕФА Чемпиондар лигасы: Астанаға «Селтик» ұшып келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің аясында «Астана» футбол клубымен ойын өткізетін шотландиялық «Селтик» Астанаға ұшып келді.

УЕФА Чемпиондар лигасы: Астанаға «Селтик» ұшып келді

Екі команда арасындағы матч ертең, яғни 27 шілде күні елорда төріндегі «Астана Арена» стадионында сағат 20:00 де өтеді. Айта кетейік, ойынды «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.