08:26, 03 Тамыз 2015 | GMT +5
УЕФА чемпиондар лигасының «Астана»-«ХИК» матчына билеттер сатыла бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - УЕФА чемпиондар лигасының «Астана» - ХИК (Финляндия) үшінші біліктілік кезеңі матчының билеттері 1 тамыздан сатыла бастады, деп хабарлады «Астана» ФК сайтынан.

Солтүстік және Оңтүстік трибуналардың, сонымен бірге Батыс және Шығыс трибуналарының 1-ші және 9-ші секторлары билеттерінің құны 500 теңгені құрайды. Батыс және шығыс трибуналарының 2-ші және 8-ші секторлары билеттерінің құны - 1000 теңгеден.
Билеттер «Астана Арена» кассаларында сағат 12.00-ден 19.00-ге дейін, сонымен бірге «Меломан» дүкендер желісінде сатылады.
Еске сала кетейік, «Астана»-«ХИК» ойыны 5 тамызда «Астана Аренада» өтеді. Басталуы сағат 20.00-де.