УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңдері: Қазақстан екінші орында келеді
АСТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат - УЕФА Чемпиондар лигасының биылғы іріктеу кезеңдеріне 47 мемлекет қатысып жатыр. Олардың ішінде Қазақстан әзірше екінші орында келеді.
Айта кеткен жөн, осы уақытқа дейін «Ертіс», «Ақтөбе» және «Шахтер» футбол командалары жеңіске жетіп, біздің қоржынымызға 2-2,5 ұпайдан түсірді. Осылайша, бүгінде Қазақстан Әзербайжанмен бірге 1,625 ұпай жинап, жалпы есепте екінші орында келеді. Бірінші орында - Исландия (1,750 ұпай).